Public utility institution

General educational high
school №7

  +7 (7292) 31 89 12
Mangystau region, Munaily district, village Atameken
 

Menu

Weather

  Aktau
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

ҚАРАША– ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Апта дәйексөзі: «Әділдік пен жауапкершілік - біртұтас ұғым!» 
Жеңісті жаңалық!!!
Мектебіміздің "Ұшқыр ой алаңы" жоба жетекшісі Төребаева Махаббат пен тарих пәні мұғалімі Унгарбаев Асанбек дебат турнирінде 23 командамен бақ сынасып, шешендік додада жүлделі 2-орынды иеленді. Артылған сенімді абыроймен атқаратын жастарымызды құттықтаймыз, көпке үлгісіздер мектебіміздің мақтаныштары
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ
АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ:
«Отанды сүю-отбасынан басталады!»
 «ЖАЙДАРМАН» ойыны
 21.10.2025 ж. күні
Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен
көңілді әрі тапқырлыққа толы «Жайдарман» ойыны өткізілді!
Біздің мектебіміздің 11-сынып оқушылары:
Я.Тлеген, Ы.Сағымбаев, А.Елдашбаев, Қ.Төремұрат, Б.Нысанбай,
Ж.Есболаев және М.Мухаммад
өз өнерлерін ортаға салып, әзіл мен тапқырлыққа толы қойылымдар көрсетті.
Іс-шараның мақсаты –
оқушылардың шығармашылығын дамыту,
бірлік пен достықты нығайту болды.
 Мектебіміздің «Атамекен» командасы
өздерінің тапқырлығы мен таланттарының арқасында
ойынның келесі кезеңіне өтті!
Құттықтаймыз!
Біздің оқушылар финалға жолдама ұтып алды! 
Бұл жетістік — командалық бірліктің,
шығармашылықтың және жігердің нәтижесі! 
Барлық қатысушыларға алдағы финалда жоғары нәтиже мен сәттілік тілейміз! 
АЛҒЫС ХАТ
Құрметті Танатарова Дилбар Сабуровна!
Республика күні мерекесі қарсаңында еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Сіздің еңбегіңіз -Тәуелсіз Қазақстанның іргесін нығайтып, болашағын жарқын етуге бағытталған игі іс.
Ел игілігі жолындағы табанды еңбегіңіз бен отансүйгіш қасиетіңіз ұрпаққа үлгі! Сізге мықты денсаулық, отбасылық береке және жаңа жетістіктер тілеймін.
"AMANAT" партиясы
Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Н.Қарасаев
"ЖЫР ӘНІМ СЕНСІҢ-МАҢҒЫСТАУ!" атты аудандық "Мұнайлы жұлдыздары" байқауында "Көркемсөз" аталымы бойынша ІІ орын иеленген ЖАМАНКУЛОВА МЕРУЕРТ марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
"ЖЫР ӘНІМ СЕНСІҢ-МАҢҒЫСТАУ!" атты аудандық "Мұнайлы жұлдыздары" байқауында "Халықтық аспаптарда орындау" аталымы бойынша І орын иеленген ШАТТЫҚ ЗӘМЗӘМГҮЛ марапатталды.
Жетекшісі: ОМАРОВ ШЕРМУРАТ
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
ҚЫРКҮЙЕК – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ
Аудандық “Махамбет оқулары” байқауынан жүлделі жаңалық!
«Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсында 11 “Б” сынып оқушысы Шаттық Зәмзәмгүл өз өнерімен дараланып, жүлделі II орын иеленді.
Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эсетова Қазына.
ҚЫРКҮЙЕК – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ
 
Қазақстанның Халық жазушысы , Қоғам қайраткері, Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған I аудандық “ Жыр жауһары” өнер фестивалінде “Жазба ақын” аталымы бойынша жүлделі ІІ орын алғаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Жаманкулова Меруерт марапатталады.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында өткен пәндік олимпиадасында 3 орын 2 “В” сынып оқушысы Мұрат Марфуға
Сынып жетекшісі Келешова Гулсун
3 “Г” сынып оқушысы
3 орын Мұрат Аружан Сынып жетекшісі Иманбаева Женискул
4”Б”сынып оқушысы
2 орын Ермек Ясин Сынып жетекшісі Маканова Газиза
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 
@munaily_bilim
@munaily_adistemelik
@mangystau_obl_adistemelik
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@rumcdo_official
@gani.beisembayev
@birtutas_tarbie_mangystau
@birtutas_tarbie2024
 
497863281 18076840654880444 3287427947465210081 n
АУДАНДЫҚ ЖЕТІСТІК!!!
Аудандық жалпы білім беретін мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында өткен “Чему бы жизнь нас ни учила, Но сердце верит в чудеса…” тақырыбындағы мәнерлеп оқу байқауында 9 ”Г” сынып оқушысы Куанышбек Аружан жүлделі 1 орынды иеленді, жетекшісі орыс тілі пәні мұғалімі Отемуратова Алия Усенқызы!
Құттықтаймыз
@munaily_bilim
@munaily_adistemelik
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@mangystau_obl_adistemelik
@rumcdo_official
@gani.beisembayev
 
497331058 18076772443880444 5202270270705507216 n
Мұнайлы аудандык ішкі саясат бөлімінін «Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырмасы аясында мектеп окушылары арасында өткен сурет байқауында 9 "В" сынып оқушысы Кусанова Нургул ІІ орынды иеленді.
Жетекшісі : Атабаева Жансилло
 
494591378 18075505033880444 5665777722775442289 n   
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Кезекті оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіру шараларына қатысты шектеулер !
Бітіруші 4, 9 және 11-сынып оқушыларынан:
Мектеп қажетіне ақша жинауға;
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар беруге;
Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға;
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қаражат жинауға;
Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуына;
Ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, саябақтарға баруға;
Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға
қатаң тыйым салынатынын ескертеміз.
Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген шектеулерді қатаң сақтай отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауыңызды сұраймыз.
Біздің басты мақсатымыз – сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру!
Егер білім беру ұйымдарында аталған талаптарға қайшы ақша жинау фактілеріне куә болсаңыздар, фото және видео дәлелдерімен бірге Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі Call орталығына 8 (747) 889-40-65 нөміріне немесе құқық қорғау органдарына хабарлауыңыз сұралады.
Мектеп директоры: Р.Ж.Өрнекешова
@munaily_bilim
@munaily_adistemelik
@mangystau_obl_adistemelik
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@rumcdo_official
@birtutas_tarbie_mangystau
@birtutas_tarbie2024
@gani.beisembayev
 
491897761 18075434299880444 677258148878714341 n
 
Аудандық жетістік
13 ақпан күні білім беру ұйымдарының оқушылары арасында аудандық "Үздік мектеп парламенті" байқауы өткізілді.
ІV кезеңнен тұратын байқау нәтижесіне сәйкес "Қадам" мектеп парламенті "Үздік бастамашы" номинациясына ие болды.
Құттықтаймыз!
491732313 2171593743297236 4774271562164760539 n

Аудандық жетістік. Аудандық “Тілші мұғалімдер-2025” байқауында қазақ тілі пәні мұғалімі Байманова Ақтолқын 3-орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Алдабергенова Гүлнұр 2-орынды иеленді, Әріптестерімізді жетістігімен құттықтаймыз!!!

475111807 18068852989880444 5390686885879224063 n

Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында өткізілген жазба ақындар байқауында көркем еңбек пәні мұғалімі Атабаева Жансилло ІІ орын иемденді. Құттықтаймыз!

491334730 2171436229979654 7138480458729399404 n

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 14 желтоқсанда республикалық «Qazaqstan» телеарнасында режиссер Ерлан Ұшақпаевтың «Ұстаз» көркем фильмі көрсетілді.
Қатысқан мұғалімдер саны: 40
491593351 2171434196646524 9070349622084652865 n

29.11.2024ж күні мектебімізде 11-сыныптармен Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Түсінік жұмыстың басты мақсатына сай оқушыларға тестілеудің талаптары мен ережелері, дайындық кезеңдері жайлы толық ақпарат берілді.

https://www.facebook.com/100013398934535/videos/556203077022285/

25.11.2024-29.11.2024 аралығындағы Ағылшын тілі пәні апталығының жұмыс жоспарына сәйкес 25-қараша күні "Amazing English World“ атты мерекелік ашылу өтті. Ағылшын тілі пәнін тиімді , жеңіл, үйрену үшін арнайы 4 түрлі ойындар ойнатылды. Берілген тапсырмаларда қатысушылар сөздердің ағылшын тілінде баламасын табу арқылы өздерінің сөздік қорының қаншалықты жақсы дамығанын тексерді.
“Біртұтас тәрбие”бағдарламасы аясында
-“Ұлттық ойын- ұлт қазынасы” бойынша асық ойыны арқылы ағылшын тіліндегі сұрақтарға жауап берді.
“Ат жарыс” ойыны арқылы - қолдың ұсақ моторикасын дамыту, шапшаң қимылдау, тез ойланып жауап беріп , қатысушылар сыйлақтарға ие болды! Апталығымыздың қонағы болып келген “Елизовета ||” ұстаздар мен оқушыларға ағылшын тілінде сұрақтар қойды!
 

2024-2025 оқу жылы қазан айының 28-і мен қараша айының 02-сі аралығында мектептің көшбасшы мұғалімдері "Отпан" жобасы аясында өткен "Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы" курсының теориялық кезеңінен өтті. Команда мүшелері 4 қарашадан бастап мектепте бастауыш 3-сыныптарға "Сәтті қадам" жобасы және 8 сыныптарға "Бірге жетістікке" жобаларының іс-шаралар жоспарын жасақтап , жоба жұмысын бастап кетті. Пән мұғалімдері мен оқушылардан сауалнама алынып, қажеттіліктері анықталды. Аталған сыныптардың математика-жаратылыстану пәндерінің сабақтарына қатысқан командалық топ мұғалімге сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің тиімділігіне талдау жасап, бағыт-бағдар берді. Жобаны оқушылар да, мұғалімдер де қолдап белсенді қатысуда.

ot otp otpa ptpan

ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІСТІК
"Үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары" байқауының аудандық кезеңінен мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Орынбасарова Алия Имамадиновна жүлделі І орын иеленіп, облысқа жолдама алған болатын.
2024 жылдың 15 қараша күні облыстық кезеңінен жүлделі орын иеленді.
Байқаудың ережесіне сәйкес, қатысушылар жеребе арқылы суырған сынып пен тақырып бойынша қысқа мерзімді жоспар құрып, қорғады.
Байқау нәтижесі бойынша
мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Орынбасарова Алия Имамадиновна жүлделі ІІІ орынға ие болды.
ЖЕҢІМПАЗ ӘРІПТЕСІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
alia
ЗЕРДЕЛІ АҚЫЛ-ОЙ ДАМЫТУ МЕКТЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН "ЗЕРДЕЛІ ҰСТАЗ" ОЛИМПИАДАСЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН ӘРІПТЕСІМІЗ ИМАНБАЕВА ЖЕҢІСКУЛ ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
jen