Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

"№7 жалпы білім
беретін мектеп"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
10/12/2025  Сәрсенбі
   

+7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Атамекен ауылы

2050 kz   adilet2kz   akorda kz   ban01 kz   ban02 kz       

Меню

Ауа райы

  Ақтау
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

Соңғы жаңалықтар мен іс-шаралар

ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІСТІК
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның облыстық кезеңінде математика секциясы бойынша 11 “В” сынып оқушысы Сисенбай Шадияр 2- орын иеленді.
Жетекшісі: математика пәні мұғалімі
Асан Гулназ Асанқызы!
sha
БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы апталық аясында 9 - сынып оқушылары арасында “Елімнің болашағы - менің қолымда!” тақырыбында эссе жазу байқауы болып өтті.
Байқау нәтижесі бойынша:
Хатепбаева Айкөркем - І орын, 9 “А” сыныбы
Қадырбек Әсем - ІІ орын, 9 “Д” сыныбы
Рашид Береке - ІІІ орын, 9 ”Б” сыныбы
Нұрмұхаммедова Жанар - ІІІ орын, 9 “В” сыныбы
Жұмабай Жазира - ІІІ орын, 9 “В” сыныбы
03

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыстың, келеңсіз оқиғалардың, есірткі зиянды заттардың алдын алу мақсатында Мұнайлы аудандық прокуратурасының прокуроры А.Дәрібаев, инспекторы М.Оңғалбаев және мектеп мейірбикелерінің қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізіліп, дәріс оқылды.

00 01 02

АУДАНДЫҚ ЖЕТІСТІК
“Менің кіші Отаным” жас тарихшылар VI республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде
“Менің кіші Отанымның болашағы” макет жасау бағыты бойынша мектебіміздің
9 - сынып оқушысы Исенбай Мадина жүлделі II орынға ие болды!
Жетекшісі Кадирбаева Камила Құттықтаймыз!
МАДИНА
06.10.2023ж. күні 3-4 сыныптар арасында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. "Алтын сақа" олимпиадасына барлығы 46 оқушы қатысып, жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Олар:
3 "А" сынып оқушысы Новрузбай Жансерік, жетекшісі Бекова Жамила;
3 "Г" сынып оқушысы Рысбек Әлинұр, жетекшісі Биранова Тынышгуль;
3 "Д" сынып оқушысы Есен Мәрзия, жетекшісі Ибнаминова Жумагул;
4 "Б" сынып оқушылары Едиге Жания, Нетулла Нұрмухаммед жетекшісі Тураева Гульнара;
4 "В" сынып оқушысы Нұрпеис Ерасыл, жетекшісі Турениязова Замира.
"Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңіне оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
saq saqa
МАРАПАТ МЕРЕЙДІ ӨСІРЕДІ
“№7 ЖББМ” КММ - сі
әріптестеріміз Гүлзира Сейітқызын, Гүлсім Мухаммадовна және Құндыз Амангелдіқызын ұстаздар күні мерекесі қарсаңында алған марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, үздіксіз ізденіс пен шығармашылық еңбек жолындағы қызметтеріңіз әркез елене берсін деген тілек білдіреміз!!! 
387203378 1786507141805900 3353696687851535409 n qun
 
Жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінде мектебіміздің 11 - сынып оқушысы Исмаилов Рауан І ОРЫНДЫ иеленді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
 
pre pres
 
5 қазан - Мұғалімдер күніне орай, “Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің “№7 жалпы білім беретін мектеп” КММ - нің ұжымына ҚР - ның Оқу - ағарту министрлігінің атынан АЛҒЫС ХАТ келді.
Қадірлі әріптестер!
Еліміздегі білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлестеріңіз бен адал қызметтеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Ел игілігі жолындағы ізденістеріңіз таусылмай, шығармашылық шабытқа, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер!
Құрметпен, Министр Ғани Бейсембаев
g

28.09.2023ж. күні мектептің әдістемелік жөніндегі директор орынбасары Г.Едилованың ұйымдастыруымен мектепішілік “Үздік тарих және құқық пәні мұғалімдерінің олимпиадасы” болып өтті. Олимпиадаға тарих және құқық пәні мұғалімдері түгел қатысты. 1-турда тест сұрақтарына жауап берсе, 2-турда портфолио, ғаламторда жеке сайттарының жүргізілуі, ашық сабақ көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша ұпай саны жоғары болған мұғалім аудандық кезеңіне іріктелді. Олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысушы әріптесімізге сәттілік тілейміз және жүлделі орынға ие болады деп үлкен сенім білдіреміз

 ed edi

Мектеп оқушыларының М.Әбілдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам» атты Қазақстандық Астротурнирінің тартысты өткен аудандық кезеңінде Мектептің "Астротурнир" командасы III орын иеленді. Топ құрамы:
Қуатбай Нурдана – 11 сынып оқушысы;
Есенина Жанель – 10 сынып оқушысы;
Жұмабай Каусар – 10 сынып оқушысы;
Лепес Райхан – 10 сынып оқушысы;
Ердаулетова Мерей – 10 сынып оқушысы.
Жетекші: физика пән мұғалімі Бердишева Оразгул. Құттықтаймыз
49 48
Сүйінші!!! Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінде 11”В” сынып оқушысы Исмаилов Рауан I орын ?иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшілері:
химия пәні мұғалімі - Калымбетова Қалқа;
физика пәні мұғалімі - Бердишева Оразгул;
Математика пәні мұғалімі - Алыгулова Жамал;
биология пәні мұғалімі - Алимбаева Алмагул. Құттықтаймыз!!!??? облыстық кезеңде де жетістік серігі болсын!??
44
“Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы” ⚜️⚜️⚜️
Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Күй - қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы. Осы орайда мектебімізде мектеп президентін сайлау қарсаңында, қыркүйек айының қорытындысы ретінде “Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы” жобасы аясында, қоңырауды бір сәт құндылыққа толтыру мақсатында “КҮЙ ОРЫНДАП, СЫЙЛЫҚ АЛ!” шарасы қоса өткізілді. ⚜️⚜️⚜️
Тек сайлау болады деп ойлаған мұғалімдер мен оқушылар күтпеген жерден орын алған шараға атсалысып, құндылыққа толы шара көптің көңілінен шықты.
43 42 40 39 37 
5-6 сыныптар арасында өткен "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінде жалпы 58 оқушы қатысып, келесідей оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. 6 сыныптар арасында:
6 «Д» с.о. Жастүлеков Темирлан, жетекші Алыгулова Жамал;
6 «Д» с.о Ермек Мирас, жетекші Алыгулова Жамал;
6 «Ғ» с.о. Нұрлан Еркебұлан, Базарбаева Несібелі;
5 сыныптар арасында:
5 «В » с.о. Яхияев Бауыржан, жетекші Алыгулова Жамал;
5 «Е» с.о. Қадірұлы Мейіржан, жетекші Жарекешова Жанат;
5 «Ғ» с.о. Таңатар Нурислам, жетекші Төребаева Махаббат;
Аудандық кезеңге сәттілік және жеңіс тілейміз!
Ұйымдастырушы: Өмірзақова Маржан.
32 33 34

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай бүгін мектебемізде "Тәуелсіздік - тәтті сыйы бабамның" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік жиын "Азаттық құны" деп аталатын поэтикалық композициямен ашылды. Жиынға мектеп директоры К.Д.Нурбаева, Атамекен селолық округі әкімінің орынбасары М.К.Созакбаев және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Тәуелсіз елдің ұрпағы өз елін, азаттығын мәңгі жырлап өтеді. Олар тәуелсіздікті тәу етер жалғыз кием деп ұғады. Әр қазақстандықтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатар мейрам қарсаңында мектеп оқушылары мен мұғалімдері тәуелсіздікке арнап жалынды жырларын оқыды, ән айтылып, күй де шертілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мектебіміздің ұлағатты ұстаздары мектеп директорының алғысымен марапатталды. Сонымен қатар, Атамекен  селолық округі әкімінің алғысына ие болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Мұғалім үшін ең жақсы марапатты - оқушылар ғана береді" деген оймен келісер болсақ, мектебіміздегі Өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп президенті Х.Тұрлыбек ең үздік деген мұғалімдерімізді оқушылардың атынан марапаттады.
МЕРЕКЕ ТАҒЫ ДА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

21.12.21 1 21.12.21 1 21.12.21 1 21.12.21 1

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мектебімізде "Рухани шамшырақ" атты әдеби - сазды кездесу кеші өткізіледі. Кеш қонағы ақын, журналист Анар Шамшадинова Амангелдіқызы
Құрметті оқушы! "Ақынға сұрақ" айдарына дайын келіңіз. Көкейде жүрген сауалыңызға жауап алып, ақынмен кездесу кешінде ақын шығармашылығымен рухани сусындаңыз!
Ұйымдастырушы: тәрбие бөлімі және "Өзін - өзі басқару ұйымы".

13.12.21 1

22.12.20

dir

№7 жалпы білім беру орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты мен әдеп кодексі 12 қазан 2020 жылы № 159-нқ бұйрығымен бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аршеева Гаухар Бектасовна әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 қаулысымен бекітілген "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне" "№7 жалпы білім беру орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемеге филантропиялық қызметтен және демеушілік қызметтен, немесе меценаттық қызметтен, және кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қолма-қол ақшасын бақылау шоты ашылғандығы туралы мәліметін береміз. БСН - 110840007761, ҚБШ -KZ540704034648107001.