Мектебімізде эстетикалық пәндер бірлестігінің апталығы аясында екі жұлдыз ән байқауы өткізілді.
Байқауға мұғалім мен оқушыдан бірлескен жұптар қатысты. Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта, жанды дауыста әндерді орындады.
Байқаудың негізгі мақсаты - мұғалім мен оқушы арасындағы достық қарым - қатынасты нығайту, сахна мәдениетіне бейімдеу, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Байқау соңында қатысушылар марапатталып, бірлестік атынан дайындаған естелік сыйлықтарға ие болды. Сайыс жеңімпаздары, бас жүлде иегерлері “Екі жұлдыз” атанған биология пәнінің мұғалімі Утепбаева Раушан мен 4 - сынып оқушысы Мұстафа болды. Құттықтаймыз!